Қордай ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған аудандық Аналар кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай төрағалық еткен жиынға ҚХА жанындағы Жамбыл облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали, Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева, сондай-ақ аудандық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты. Кездесу барысында Аналар кеңесінің қоғамдағы маңызды рөлі айқындалып, оның негізгі миссиясы – отбасы құндылықтарын сақтау, ұрпақ тәрбиесінде ананың жауапкершілігін арттыру, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары қаралып, қоғамды алаңдатып отырған өзекті әлеуметтік мәселелер, рухани-адамгершілік тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы бастамаларға басымдық беру қажеттігі атап өтілді. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар ортақ мақсат пен бірлікке негізделген нақты ұсыныстарын ортаға салды.