Отбасы бақыты

0

Гвардейский гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 21450 әскери бөлімінде «Отбасы бақыты» психологиялық тренингі өтті.

Шараны әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі жанұя құндылықтарының айырмашылығы мен ұқсас тұстарын зерттеп, пікірлесу үшін ұйымдастырды.

Тренингке ерлі-зайыптылар қатысып, «отбасы дағдарыстары теориясы», «мінсіз әйел мен мінсіз күйеу», «ассоциациялық байланыс», «отбасымның бір кеші» жаттығуларын орындады. Әр жанұя бір-біріне сырт көзбен қарап, басқа да отбасыларда өзіне тән ерекшеліктері мен үлгі алар тұстары бар екенін сезініп әдемі сұхбат құруға мүмкіндік алды. Тренингке әскери қызметте жүрген ер азаматтар  отбасыларымен бірге белсене қатысты.

Психологиялық тренингті әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің нұсқаушы-психологы ҚР ҚК қызметкері Қаракөз Айтмырзаева ұйымдастырып өткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.