13-21 маусым аралығында аудан аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өтуде.
Профилактикалық сипаттағы акция тұрғындар арасында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыруға бағытталған.
Полиция қызметкерлері тұрақты түрде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында туындайтын мәселелер бойынша түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Сонымен қатар, акция аясында тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша, сонымен қатар сәтсіз отбасыларды күн сайын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, «қорғау нұсқамасы» берілген тұлғалардың белгіленген шектеулерді сақтауына аса көңіл бөлініп, олардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген.
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында аудан тұрғындарын отбасында және тұрмыста орын алып жатқан зорлық-зомбылық деректерін жасырмауға шақырамыз. Отбасындағы құқық бұзушылықтар жөнінде ақпаратты дереу хабарлауды сұраймыз. Қордай аудандық полиция бөлімінің қауырт желі телефондары 2-15-45,102.
С.МЫҢЖАСАРОВ, Қордай АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры