СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Өткен жұмада «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысына кеңес мүшелері, партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Отырысты кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттағы партия аудандық депутаттық фракциясының мүшесі Мадияр Қарабаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде бір сұрақ, дәлірек айтсақ №7 Бетқайнар және Қордай ауылшаруашылық колледждеріндегі жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы мәселе қаралды. Ол бойынша №7 Бетқайнар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қартамбаевтың және Қордай ауылшаруашылық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алимбаеваның есептері тыңдалды. Хабарламашылардың баяндамасын мұқият тыңдаған кеңес төрағасы №7 Бетқайнар колледжінің директоры Г.Алимбаеваға және Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.Кенжебековке жатақханалардағы студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу, жатақханалардың санитарлық-гигиеналық тазалықта болуын бақылауда ұстау, студенттердің тұрмысын жақсарту мақсатында жатақханада wi-fi интернет желісін жабдықтау сынды ұсыныстар берді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті ұсынымдар қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.