Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan газеті» газетіне берген сұхбатында отаншылдық ұғымының терең мағынасына тоқталып, патриотизмді даңғаза сөзбен немесе жалған әрекетпен өлшеуге болмайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, нағыз отаншыл азамат өзін көпшілік алдында көрсетпей, елге пайдасын үнсіз еңбегімен дәлелдейді.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы туған елге, отбасына және қоршаған ортаға деген жауапкершілік отаншылдықтың негізі екенін айтты. Табиғатты аялау, тазалық сақтау, қарапайым еңбек пен өз ісіне адал болу – патриотизмнің нақты көрінісі екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ ел дамуына үлес қосып жүрген инженерлер, жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, әскери қызметшілер мен мәдениет қайраткерлері Қазақстанның шынайы патриоттары екені жеткізілді.