«ПИНГ-ПОНГ» ШЕБЕРІ ТОП ЖАРДЫ

0

Жерлесіміз, Масанчи ауылының тумасы Ескендар Харки жуырда Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды.

Чемпионатта жеке-командалық разрядтарда Астана, Алматы, Шымкент және өзге облыстардан келген құрама командалар бас қосты. Жеке ара кездесулер қызықты, әрі шиеленісті болды. Жарыс-та Жамбыл облысының намысын қорғаған Ескендар Харки жекелей ойында үшінші орын және командалық жұптық ойында бірінші орынды жеңіп алды.

Керемет ойынымен көзге түскен жерлесіміз ұлттық құрамаға шақырту алып, 16-25 ақпанда Оңтүстік Корея, Пусан қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады. Ендеше, Ескендар Харкиге тек сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.