Қордай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Шараның басты мақсаты – жыл бойы қоғам қауіпсіздігін сақтап, ел тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің отбасыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау, балаларға жаңа жыл қуанышын сезіндіру.
Мерекелік кеште Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов сөз алып, бөлім қызметкерлерінің балаларына арнайы құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде балаларға мықты денсаулық, оқуда озат болу, армандарын биік қою жөнінде тілектерін арнап, ата-аналарының ел үшін атқарып жүрген еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бүлдіршіндерді Отанын сүюге, тәртіпті болуға және әрдайым адалдықты ту етуге шақырды.
Жаңа жылдық бағдарламада балаларға арналған ойындар, ән-билер мен ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары ұйымдастырылып, мереке соңында сыйлықтар табысталды.