ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

0

ҚР Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы «Дені сау ұлт — әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медициналық көмек» ұлттық жобасы және «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету» қағидалары бойынша Жамбыл облысында бірқатар игі іс-шаралар жасалуда.

Соның бірі сейсенбі күні Қордай ауданында орын алды. Нақтырақ айтсақ, аудандық орталық ауруханасының автотұрағы тағы бір судай жаңа реанимобиль автокөлігімен толды. Жаңа көлікті салтанатты түрде тапсыру шарасына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, денсаулық сақшыларына деген ізгі тілегін, құттықтауын жеткізді.

Бұл санитариялық көлік заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Жаңа көлік облыс орталығынан 330 шақырым қашықтықта орналасқан Қордай ауданының тұрғындарына, халықтың орташа өмір жасын ұзартуға, аурулар мен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуде және алыс ауылдардың тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмекке деген қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.