Қордай ауылының Тараз қаласынан кіре беріс тұсында «QORDAI» жазуы бар стела орнатылып жатыр. Ал, оның екінші бетінде, яғни Қордай ауылынан шығар бетінде «сәтті сапар» жазуы жазылған. Сонымен қатар, көліктерге арналған тұрақ жасалып, онда еліміздің тарихи сәттерін сомдайтын «инсталяция» тақтасы да бар. Стела түнгі уақытта да бұл жарқырап, Қордай ауылын айшықтай түсері анық.