Танктен штаттық снарядпен атыс жүргізу – жауынгерлік даярлықтың шыңы

0

Гвардейск гарнизонының Мәтібұлақ полигонында Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядтан атыс жүргізілді.

 21450 әскери бөлімінің 2-ші танк батальонының әскери қызметшілері штаттық снарядтан бақылау атыстарын орындады. Танкішілер шартты мақсаттарға көздеу арқылы Т-72 танкінің қару-жарағынан дәл оқ атыс жүргізуді көрсете білді.

Экипаждар 1-ші бақылау атыс жаттығуын орындау барысында танк нысанына 1600 метр қашықтықтан, автомобильдегі тоқтаусыз құрал нысанына 900 метрге дейінгі қашықтықтан және 700 метрден нысандарға танкіге қарсы қол гранататқышынан оқ жаудырды. Сонымен қатар олар танк қаруына оқ-дәрі салу, ол қару-жарқты жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға келтіру және осыларды керісінше орындауда практикалық нормативтерді орындады.

  • Танктің штаттық снарядынан ату қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жүргізілді. Экипаж жеке құрамы атыс кезінде зеңбіректің күшін сезініп, практикалық дағдыларын жетілдірді, сондай-ақ, жауынгерлік даярлықты жақсартты, — деді 2-ші танк батальонының командирі майор Елдос Айткенов.

Айта кетейік, штаттық атыс қорытындысы бойынша экипаж құрамы мен үздіктер грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.