РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

0

Қордай ауданында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бұл іс-шара төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының басқару, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында ұйымдастырылды.

Қорадай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаевтың басшылығымен өткен оқу-жаттығу барысында аудан аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы-көктемгі мерзімге дайындығы пысықталды.

Сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар қатері мен оған ден қою шаралары қарастырылып, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі тексерілді. Су тасқыны қаупіне байланысты қауіпсіздік паспорттарына, төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарларына, эвакуациялау және өзара іс-қимыл шараларына нақтылау енгізілді.

Аудан басшылығы су тасқынына қарсы алдын алу шараларын күшейтуді, сондай-ақ халыққа төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымдарының дайындық деңгейі пысықталып, көктемгі су тасқыны кезеңіне жан-жақты әзірлік жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.