РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ АУДАНДА

0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 14 қыркүйек күні Қордай ауданына дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары арнайы келіп, діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Ең алдымен  «Аманат» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудан жастарымен «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысы, «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары Б.Құлназаров, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы, тарихшы Е.Бекбосынов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Р.Беделбаев қатысты. Осыдан кейін Қордай ауылдық округінің әкімі Ә.Қаспақбаев және РАТТ мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау тақырыбын талқылап, пікір алмасты. Сонымен қатар ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Қордай батыр» мешітінде имамдар мен ұстаздардың қатысуымен «Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстарындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өткізіп, Масаншы ауылында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Бұл күні РАТТ өзге де мүшелері – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС психолог маманы Ж.Садықова, Шымкент қаласы, «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев пробация қызметінің қызметкерлері және тіркеуде тұрған азаматтармен, спортшылармен, әскери қызметкерлермен түрлі тақырыптарда семинарлар мен кездесулер ұйымдастырды. Одан бөлек Сортөбе ауылдық округіне барып, өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Мемлекет және дін» тақырыбында кездесу өткізді.

Өткізілген іс-шараларда өңір тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді. Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.