ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №98 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы Қасық ауылдық округінің әкімі болып Асылбек Айдын Мұхитұлы тағайындалды.
Асылбек Айдын Мұхитұлы 1993 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары. 2015 жылы Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық Университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2016-2017 жылдары Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейінде ескерткіштерді қорғау инспекторы ретінде бастаған.
2017 – 2021 жылдары аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлімше басшысы, 2021 – 2023 жылдары аралығында Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.