Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.
Көктем – әсемдік, сұлулық пен нәзіктіктің мезгілі деп бекер айтылмаған. Себебі, дәл осы шуақты күндері бүкіл әлемнің ханымдары ортақ мерекелерін атап өтеді. Қазіргі заманда әйелдердің қоғамдағы рөлі орасан зор. Әрқайсысы еліміздің дамуына өзіндік орны бөлек үлес қосып жүр. Қоғамда ананың рөлі ерекше. Ана болу ең қиын да ең маңызды да мамандық десекте артық болмас. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» — дейді. Шынымен де қай саланы алмасақ та нәзікжандылар ер адамдардан қалмай елдің дамуына өз үлестерін қосуда. Осы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер еліміздің дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Нұрдин САДЫҚОВ, аудандық мәслихат төрағасы