Қордай ауылындағы «Емен» саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, өзің ізгі тілегін арнады.
Аудан басшысы өз сөзінде балалар – еліміздің жарқын болашағы екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпаққа көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлыққа кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, әрбір баланың құқығы заңмен қорғалатынын, олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуы мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі екенін жеткізді.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі балаларға арнайы сыйлықтар табыстап, ізгі тілегін білдірді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлініп, оларға қолдау көрсетілді.
Шара аясында балаларға тегін балмұздақ таратылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сахна төрінде ән шырқалып, би биленді. Бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен мерекенің сәнін келтіріп, қуанышқа бөленді.
Мерекелік жиын балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, олардың қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындаған тағылымды іс-шараға айналды.
Жандос ОМАРОВ