САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жастар арасында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жаз мезгілінде су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзған жағдайда орын алатын салдары жөнінде түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Жаз маусымындағы күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар мен өзен-көлдерге түсетіндердің саны артатыны белгілі. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Өйткені су айдындары суға шомылатын орындарының талаптарына сәйкес келмейді. Осыған орай, арнайы құрылған топ мүшелері су айдындарын аралап, жергілікті тұрғындар мен балаларға арнайы ақпараттық жадынамалар таратты

Leave A Reply

Your email address will not be published.