САЙЛАУ КҮНГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Өткен жұмада 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізудің дайындық жұмыстары жөнінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі
семинар-тренинг өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен семинар-кеңеске Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Т.Жамалов, аудандық учаскелік сайлау комиссияларының және округтік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары, орынбасарлары, хатшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе шығарылды. Бірінші сұрақ бойынша облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Т.Жамалов сөз алып, сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының негізгі іс-шаралары жайында толыққанды түсіндірді. Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушылардың тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
Осыдан кейін №474 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының іс-әрекеттерін көрсететін іскерлік ойын тренингін ұйымдастырды.
Жиынды қорытындылаған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов осы күнге дейінгі сайлау науқандарын өткізу бойынша Қордай ауданы жақсы нәтиже көрсеткенін тілге тиек етіп, алдағы маңызды шараны да ойдағыдай өткізетініне сенім білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.