ТАҒАЙЫНДАУ

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 06 наурыздағы №21 ө-ж/қ өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып БАЛПУКОВА САЛТАНАТ КАНАТБЕКОВНА тағайындалды.

Балпукова Салтанат Канатбековна 1980 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.Білімі-жоғары.
2001 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Ақбұлын» акционерлік қоғамында заңгер-кеңесші болып бастаған.
2003-2015 жылдары Жамбыл облысы Қордай аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімінің бас маманы, басшысы, 2015-2023 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.