Салауатты сана – жарқын болашақ кепілі Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қордай ауданының Ақсақалдар және Аналар кеңесінің жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Салауатты сана және барыңды бағала» тұжырымдамасы аясында Отар ауылдық округінде ата-аналар мен оқушылармен тағылымды кездесу өтті.

0

📌 Салауатты сана – жарқын болашақ кепілі
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қордай ауданының Ақсақалдар және Аналар кеңесінің жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Салауатты сана және барыңды бағала» тұжырымдамасы аясында Отар ауылдық округінде ата-аналар мен оқушылармен тағылымды кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отбасы тәрбиесінің рөлін түсіндіру, қоғамдағы жауапкершілік пен адамгершілікті дәріптеу, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Іс-шара барысында Аналар кеңесінің өкілі Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы бала тәрбиесіндегі ананың орны мен отбасы жылулығының маңызын атап өтті. Ал Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Алтыбай Мықтыбек Есжанұлы ұлттық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді құндылықтардың мәніне тоқталды.
Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ашық пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.