Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының Шу ауданында баспанаға мұқтаж 26 азаматқа жаңа пәтерлердің кілті табысталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Салтанатты шараға аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы, ақсақалдар мен аудан тұрғындары қатысты.
Жаңа баспанаға ие болған отбасылар үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі мерекелік көңіл күймен өтіп, тұрғындар ізгі тілектерін білдірді.
Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтаймыз! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнасын!