Салық төленбеуінен шоттардың бұғатталуы

0

Көбіне кәсіпкерлер қарыздың аз ғана сомасы үшін банк шоттарының бұғатталғанына шағымданатыны рас. Мемлекеттік кірістер комитетінде шын мәнінде қарыздар болса қандай жағдайда шоттар бұғатталатынын және алдағы уақытта бұл сұрақты қалай шешуді жоспарлайтынын түсіндірді.

Cалық кодексінің 19-бабына сәйкес салық органдары банктік шоттарға тыйым салуды 6 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы – 20 700 теңге) астам салық берешегі бойынша жүргізіледі. Яғни 6 АЕК-тен аз салық қарыздары бойынша шоттар бұғатталмайды. Дегенмен, әлеуметтік төлемдер бойынша банк шоттарына тыйым салу 1 теңгеден асқан қарыздары бойынша басталады. Өйткені бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдау аясында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту бойынша тиісті заңнамалық актілерге енгізу қаралуда. Сонымен бірге, кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарға тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомалары шегінде шектеулер жүргізу ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады. Осы түзетулерді қабылдау банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін шешеді.

Қордай ауданы бойынша Салық басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.