Волейболдан жарыс өтті

0

«Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты волейбол ойыны аудан жастарының басын қосты. Бұл шара «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Республика күнін мерекелеу аясында өтті.

Волейбол жарысына ауданымыздағы колледж студенттерінен құралған бес команда қатысты. Жастар өздерінің спорттық шеберліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін паш етті. Бұл жастарымыздың рухы мен Қазақстанға деген мақтаныш сезімін оятудың және спортқа қызығушылықты арттырудың тамаша тәсілі.

Ойын өте жоғарғы деңгейде әрі көңілді өтті. Спорт сайысының нәтижесі  бойынша жүлделі I орынды «Береке» гуманитарлық – техникалық  колледжінің командасы, ал II орынды «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің командасы, III орынды «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжінің   екінші командасы иеленді. Жарыстың жеңімпаздары  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.