Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер қолдану шарттарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 28 ақпанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламалар ұсынады.
Хабарламаны: салық төлеушінің кабинеті; «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары; және тіркеу орны бойынша МКБ арқылы ұсынуға болады. Бар-жоғы хабарлама беру 1 минут уақытыңызды алады.
Хабарлама ұсынылмаған жағдайда, сіз жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырыласыз және оңайлатылған декларацияға көшуді, тек бір жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.
Барлық кәсіпкерлерді АСР қолдануға өз құқықтарын іске асыруға шақырамыз. Хабарламаны беруді ақпан айының соңғы күндеріне қалдырмаңыз. Кешігіп қалмаңыз.
Салық органы дара кәсіпкерлер ретінде есептен 2026 жылғы 1 наурызда патент негізінде және арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер автоматты түрде алынып тастауға жатады.
Қордай аудандық мемлекеттік кірстер басқармасы