Құрметті салық төлеушілер. Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жалпыға бірдей декларациялау бойынша 2026 жылдың тапсыру мерзімдері туралы еске салады.
2026 жылдан бастап 250 декларацияны келесі жеке тұлғалар тапсыруға міндетті: Шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының резиденттері;
Сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымдарға және оларға теңестірілген лауазымдарға кандидаттар;
Цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар.
Сонымен қатар, табыс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысанды) тапсыру міндеті мынадай тұлғалар үшін көзделген:
Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар (соның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;
Банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
Коммерциялық ұйымдардың (дауыс беретін акциялардың үлесі 10 пайыздан асатын акционерлік қоғамдарда) басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
Шетелде мүлкі бар тұлғалар;
Жеке кәсіпкердің табысынан басқа, дербес салық салынуға жататын табыс алған тұлғалар;
Шетелдік банктерде 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын ақша қаражаты бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының және оның шегінен тыс жерлерде жиынтық құны 20000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар.
Сонымен қатар, декларацияны тапсырмаған жағдайда:
– Бірінші рет декларацияны ұсынбау немесе ақпаратты анық емес көрсету ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.
– Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанған жағдайда, уақтылы тапсырмағаны үшін – 64875 теңге (15 АЕК), мәліметті анық емес көрсеткені үшін – 12975 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
Тапсыру мерзімі
– электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» веб-порталы, «eSalyq Azamat», «Halyk», «ЦентрКредит» (БЦК), «Kaspi Bank» мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште қолма-қол кірістер органдарына барып және халыққа қызмет көрсету орталығына немесе пошта арқылы жолдап тапсыруға болады.
Б.ТЫНЫБАЕВ, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары