«Сарбаз! Сен елді қорғайсың! Сені – заң қорғайды!»

0

«Сарбаз! Сен елді қорғайсың! Сені – заң қорғайды!»

7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты Қордай ауданының шекара басқармасының жас сарбаздары «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты шара аясында Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Расул Ризабекұлымен кездесті.

Шараға, сондай-ақ, Қордай шекара басқармасының бастығы Ернар Сембаев, әскери прокуратура ардагері Ольга Деда және ауған соғысының ардагері Таласбек Терликбаев қатысты. Кездесудің мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту, жас сарбаздарға заңнама нормаларымен таныстыру, сондай-ақ әскери қызметтің маңызы туралы білімдерін арттыру.

Кездесу барысында әскери прокурор сарбаздарға әскерде қызмет ету барысында кездесетін құқықтық мәселелер мен міндеттер жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.