Сарыбұлақ ауылдық округінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сатудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

0

Сарыбұлақ ауылдық округінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сатудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында ауыл аумағындағы сауда орындары мен азық-түлік дүкендері араланып, кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Рейд кезінде дүкен иелеріне кәмелетке толмаған азаматтарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға заңмен тыйым салынатыны ескертіліп, арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар тәрбиесіне бейжай қарамау және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында ақпараттық жадынамалар таратылды. Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Қоғам тыныштығы мен жастардың қауіпсіз болашағы – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.