Іс-шара барысында оқушыларға интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттері, олардың түрлері және одан сақтану жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз аккаунттар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, онлайн төлем жасау барысында абай болу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.