САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

0

Өткен ғасырдың басында қазақ елінде мыңдаған адамның тағдырын талқан қылған, аштықпен баудай қырып салған, қуғын-сүргінге ұшыратқан қанды қол саясаттың ізі, салқыны аға ұрпақ жадында сайрап жатыр.

31 мамыр – саяси қуғын сүргін, және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қордай ауылының орталық алаңында боздақтарды еске алу жиыны өтті. Оған Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, әскерилер мен тұрғындар қатысты.
Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған стелла алдында жиналған қауым бір минуттық үнсіздікпен сұрапыл жылдар құрбандарын еске алып, одан кейін гүл шоқтарын қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.