САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

0

Жұма күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаеваның төрағалығымен партия аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне үш мәселе шығарылды – «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Қордай ауылдық округінің әкіміне үміткерді ұсыну туралы; Партия жанындағы аумақтық кеңестердің санын реттеу туралы; «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу туралы. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев баяндама жасады. Көтерілген мәселелер толығымен қаралып, ол бойынша тиісті қаулы қабылданды.

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХLV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
26 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХLV конференциясы болып өтті.
Конференцияға «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының және Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне бір ғана сұрақ шығарылды. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы атынан Қордай ауданының Қордай ауылдық округінің әкіміне кандидат ұсыну мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.