САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы және Саяси кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қарлығаш Қыпшақбаеваның төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібіне үш мәселе шығарылды. Бірінші мәселе – Бір мандатты округтер бойынша кандидаттар тізімін қалыптастыру туралы, екінші мәселе – партияның Қордай аудандық филиалы конференциясының күн тәртібін бекіту туралы және үшінші мәселе – партияның Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамына толықтыру енгізу туралы. Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, олардың әрқайсысы бойынша қаулы жобасы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.