СЕМИНАР–ТРЕНИНГ ӨТТІ

0

2023 жылғы 27 шілдеде №230 учаскелік сайлау комиссиясының базасында Ауқатты ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің модераторы Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев болды. Семинар-тренингке учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.

№230 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы сайлау күні сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс алгоритмі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау күні сайлау комиссиялары мүшелерінің әрбір әрекеті және хаттамалар жасау тәртібі бойынша түсініктемелер берді.

Сондай-ақ сайлау күні байқаушылармен сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы және әлеуметтік желілерді бақылау мәселесі қаралды.

Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.