«Сенім маршруты» Қордай ауданында

0

Сәуір айынан бастап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бастау алған «Сенім маршруты» ауданымызға келді.

Облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы бастаған жұмысшы топ бүгін ауданымызға арнайы келіп, өз жұмыстарын бастауда.

Бұл шараның негізгі мақсаты аудан тұрғындарымен кездесіп, азаматтырдың қайталама арыз-шағымдары негізінде жеке қабылдаулар жүргізу, қылмыстың алдын-алу және құқық бұзушылықтарды жою болып табылады.

Алғашқы кездесуді аудан әкімдігінде өткізіп, оған аудандық мәслихаттың хатшысы, қоғамдық, ардагерлер кеңесінің төрағалары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен актив отырысында алда атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.