ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

0

Сейсенбі күні  №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің спорт залында ауданымыздың 95 жылдығына орай оқушылар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

 

Спорт сайысына 5, 6, 7-сынып оқушылары қатысып, мектеп әкімшілігі және дене тәрбиесінің оқытушылары жетекшілік етті. Ойын барысында шахмат тақтасында өзінің ойлы да өрнекті жүрістерімен көзге түсіп, барлық қарсыластарына мат қойған 5-сынып оқушысы Аслан Аймахан 1-ші орынды (сынып жетекшісі Зоя Қасенова), 2-ші орынды Нұрасыл Адамбаев (сынып жетекшісі Талшын Малыбаева), 3-ші орынды Станислав Корников  (сынып жетекшісі Галина Дрокина) иеленді.

Жеңімпаздарға ата-аналар атынан қаржылай сыйақы, мектеп әкімшілігінен мадақтама дипломы табыс етілді.

Шахмат ойыны жасөспірімдерді шыдамдылыққа, төзімділікке, тез шешім қабылдауға бейімдейтін жалпы бұқаралық спорт түрі болғандықтан, осы спорт ойынына алдағы уақытта көбірек көңіл бөлініп, іс-шаралар жиі ұйымдастырылатынына сенім білдіреміз.

 

№27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта

 мектебі әкімшілігінің ақпарат бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.