«ШАМШЫРАҚҚА» жыр шашу

0

Құтты болсын 90 жасың «Шамшырағым»,
Жасай бергің халқыңмен артып бағың.
Шежіресін Қордайдың шертіп ертең,
Сәлем айтқың келешекке атып таңың.

Жолдан өттің тағдырлы тоқсан тарау,
Қиындықта жүректерге жақтың алау.
Жаршысы боп жаңалықтың әрдайым,
Мүддесіне еліңнің болдың жалау. 

Ақпараттың майданында шектің ғұмыр,
Ақиқаты заманның болып тұғыр.
Жақсы істерге қоғамды құлшындырып,
Кемшілікті сынадың сөзбен шымыр.
Тәрбиелеп оқырманның жүр санасын,
Жалғастырған екі ғасыр арасын.
«Шамшырағым» баспасөздің үздігі,
Сен бәрінен алға озып барасың.

Рахмет, шежірелі «Шамшырағым»
Сенің бүгін мерейтойың, толқыр шағың
Бала тілші атанып бір кездері,
Менің дағы өзіңмен жанды бағым.

 

Әскен БӘТІШЕВ, зейнеткер, «Қордай шамшырағы» газетінің ардагері

Leave A Reply

Your email address will not be published.