ШЕШІМ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

0

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштеріне құлақ асты.

Қабылдау барысында келген азаматтар әлеуметтік мәселелерді алға тартты, олардың қатарында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскесін бөліп беру, денсаулық және жұмыспен қамтуға қатысты өтініштер айтылды.

Іс-шараға жауапты бөлімдердің басшылары мен ауыл әкімдері де қатысты.

Бегзат Болатбеков әрбір азаматтың мәселесін жауапты мамандармен бірге қарастырып, заң аясында шешім қабылдауды тапсырды.

Қабылдауға келген қордайлықтардың дені баспана сұрап келген, оларға заң талаптарына сәйкес тұрғын үй белгіленген кезектілік тәртібімен берілетіні түсіндірілді.

Барлығы кездесуге 15 адам жазылған. Солардың бірі Рауза Аримбекова. Р.Аримбекованың отбасындағы қиын жағдай жайлы қордайлықтар хабардар. Үлкен ұлы Руслан қатерлі ауруға шалдығып, шетелде ота жасатуы қажет. Мейірімді қордайлықтар, туыстары, достары мен көрші-қолаң болып қаражат жинап берген, алайда жиылған сома жеткіліксіз болып тұр. Ұлы үшін шырылдаған ана аудан басшысына өтініш айтып келді. Бегзат Сейсенқұлұлы болса жерлесімізге көмектесу үшін шешім жолдарын іздейтінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.