ШЕШІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

1 маусымда Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қ.Қыпшақбаеваның төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс алпыс бесінші сессиясы өтті, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Депутаттар «Қордай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеті туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарады. Егжей-тегжейлі баяндаманы аудандық әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ұсынды.

Мәселені жан-жақты талқылап, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.