Шуда Базарбай Асқартегінің «Өлеңім – өмірім» атты кітабының тұсаукесері өтті

0

Жарық көрген жаңа кітабы 352 беттен тұрады. Жинаққа автордың әр жылдары жазылған өлеңдері, айтыстары, толғаулары, патриоттық және лирикалық шығармалары, сондай-ақ тарихи тұлғалар мен туған жерге арналған арнау жырлары енгізілген.

Рухани-мәдени шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жыр жинағынан үзінділер оқылды. Кездесуге қатысқан ауданның зиялы қауым өкілдері мен қадірлі қонақтар қаламгерге ізгі тілектерін арнап, шығармашылық табыс тіледі.

Кітаптың тұсауын Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Өмірәлиев кесіп, жаңа туындының оқырманға жол тартуына ақ баталарын берді.

«Өлеңім – өмірім» – ақынның тұтас ғұмырын, шығармашылық ізденісін және туған жерге деген сүйіспеншілігін бейнелейтін құнды еңбек. Бұл жинақ – ұлттық әдебиет қорын толықтыратын әрі кейінгі ұрпаққа рухани мұра болып қалатын туынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.