СОРТӨБЕДЕГІ ЖИЫН

0

Қордай ауданы әкімінің есептік кездесуі Сортөбе ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі Бегзат Болатбеков пен округ әкімінің міндетін атқарушы Мады Гаров тұрғындарға 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Есеп беру жиынына, сондай-ақ, аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, аудандық полиция бастығы Бауыржан Үдергенов, бөлім-мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз басында Мады Гаров округтің экономикалық дамуы мен әлеуметтік жағдайы туралы баяндама жасады. Ол нақты мәліметтер келтіре отырып, округте өткен жылдың қол жеткізілген басты жетістіктерін атап өтті:

«Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту іске асыру ауылдық округтің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда. Округ аумағында 130-дан астам шағын бизнес және кәсіпкерлік объектілері жұмыс істейді.

Жалпы округ бойынша 116 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 114 егін шаруашылығымен, 2 мал шаруашылығымен айналысуда. Округ бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылды. Атап айтқанда, Сортөбе ауылында 200 адам қабылдайтын емхана салынып, пайдалануға берілді.

Бұлар батыр ауылында балалар алаңы және стрит воркаут салынды. Сортөбе ауылындағы Даңк, Ақсұңқар, Алмалы және Дунларов көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді», — деді округ әкімінің міндетін атқарушы.

Кездесуге қатысқан аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков және аудандық полиция бастығы Бауыржан Үдергенов салалық жаңалықтары мен ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша ақпараттармен бөлісті. Бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды рөл атқарады.

Жиын барысында, тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Олар кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын көбейту, қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты сұрақтар қойды.

Өз сөзінде аудан басшысы Бегзат Сейсенқұлұлы көтерілген мәселелерге ерекше назар аударып, тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті дамыту және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әкімдік тарапынан кешенді шаралар жүргізіле беретінін баса айтты.

Мұндай жиындар ауданның экономикалық ахуалына елеулі әсер ететінін және тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтатындығын атап өткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.