Сортөбе ауылындағы №226 сайлау учаскесіне келушілер қарасы көп-ақ. Ө азаматтық позициясын айқындап, таңдау жасауға келгендер арасында ауыл қариялары, әжелер, көп балалы аналар мен жастар баршылық. Референдум учаскесіндегі комиссия мүшелерінің алдына жиылып, дауыс беруге асығуда. Тіпті, кейбір ауыл тұрғындары жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдумға дауыс беру үшін кезекте тұр. Осылайша сортөбелік дауыс берушілер таңмен таласа дауыс беруге келіп, азаматтық борышын орындауға ниет білдірген.