СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ БАРЫСЫ

0

Мемлекеттік тіл, мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.

Мемлекеттік тіл көптілді мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, сот істерін жүргізу міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Мемлекеттік тіл-тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болып саналады.
Тіл тазалығы үшін күрес-ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес.
Халықтың өз тілінде ұғынықты жазылған заңдар ұлттың құқықтық санасын, қоғамның құқықтық мәдениетін көтереді.Айқындылықты, нақтылықты талап ететін заң мәтіні артық сөзсіз, ресми стиль талаптарына сай, ұлт тілінің сөйлем құрылысы және термин қолданысының бірізділігін сақтай отырып жазылуы тиіс.Заң мәтіндегі терминдер құқықтық норманы бұрмаламай, мән-мазмұны дәл жеткізіп, заңның әрекелкі оқылуына жол бермеуі қажет.
Азаматтық істерді қараған кезде судья Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің өзге же заңдардың нормаларын қолданады.Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының талап арыз берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс.Тараптардың тең құқықтылы қағидатын ескерте отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға тиіс.

Б.САЙПЫШЕВА,
Қордай аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.