СПОРТ БӨЛІМІНЕ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

0

Өткен дүйсенбі күні аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы Е.Тоқтағұловтың Қордай ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында 2023 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстарының нәтижесі бойынша  баяндамасы  тыңдалған болатын.

-Қоғамдық кеңес отырысына дейін менің тарапымнан аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытындағы жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.  Бөлімге 2023 жылдың қорытындысымен  20 өтініш  келіп  түскен.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты зерделеу кезінде бірқатар кемшіліктер анықталған, — деген Е.Тоқтағұлов бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Хабарламашының баяндамасын назарға алған Қоғамдық кеңес бірқатар шешім қабылдады. Оның ішінде бөлімге  мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты маманды бұйрықпен бекіту,  жауапты маманның біліктілігін арттыру курсынан өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің танымалдығын арттыру үшін барынша әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде  мақалалардың жариялануын қамтамасыз ету, қағидаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында көрнекі жерлерге QR код арқылы өтуін қамтамасыз ету және  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасау бойынша ұсыныстарын айтып, оның орындалу мерзімін де шегелеп берді. Ал, Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысына спорт бөлімі отырған кабинеттерге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе басқа қолайлы жерге ауыстыру, жұмысқа қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу, атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты үстіміздегі жылдың 25 наурызына дейін ұсыну қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, осы шешімнің орындалуын бақылау Қоғамдық кеңестің Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері  жөніндегі  комиссиясына жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.