СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында 12-14 маусым күндері Қордай ауданы аумағында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 12 маусым күні Қордай ауылдық ауылында кіші футболдан жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа 6 командадан барлығы 48-ге жуық аудан жастары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орынды Қордай ауылы командасы, ІІ-ші орынды Отар ауылы командасы, ІІІ-ші орынды Ауқатты ауылы командасы иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз, жүлдегер атанған командалар тиісті дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

**** 

  «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Ауқатты ауылындағы Спорттық сауықтыру кешенінің спорт залында волейболдан жастар арасында аудандық ашық турнир өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орынды Қаракемер ауылы командасы, ІІ-ші орынды Масаншы ауылы командасы, ІІІ-ші орынды Ауқатты ауылы командасы иеленді.

**** 

13 маусым күні Қарасу ауылындағы спорт кешенінде жасөспірімдер арасында асық ату және тоғызқұмалақтан  аудандық жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз, жүлдегер атанған командалар тиісті дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, іс-шара барысында өңірдегі қоғамдық бірлік пен келісімді сақтау және нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.