Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
2026 жылғы су тасқыны кезеңінде Қазақстандағы лимандар мен көл жүйелеріне экологиялық мақсатта су жіберу үшін 12,8 млрд текше метр еріген қар суы бағытталды. Бұл бірқатар өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.