СУ – ТІРШІЛІК НӘРІ

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасы бойынша Күнбатыс-2 елдімекенінде жаңа су құбыры желісінің құрылыс жұмыстары басталды.

Заман талабына сай, халықтың негізгі қажеттіліктерінің бірі – таза ауыз су болып табылады. Аудан тұрғындарының сумен қамтылуы, әсіресе ауылды жерлерде, басымдыққа ие. Сондықтан, бүгінгі күні Күнбатыс-2 елдімекеніндегі су құбыры жобасы игі бастамалардың бірі, әрі тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өту керек.

Су құбырының құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушісі – аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Қазіргі таңда, бұл жұмысты орындау міндетін өз мойнына алған «Темір-Строй Сервис и КО» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Мердігерлік ұйым өз саласында мол тәжірибеге ие. Олар су құбырының құрылысын жүзеге асыру кезінде заманауи технологияларды пайдаланып, тұрғындарға қауіпсіз, әрі тұрақты су жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жаңа су құбыры желісінің құрылуы тек Күнбатыс-2 елдімекенінің тұрғындарын емес, сонымен қатар бүкіл ауданның инфрақұрылымына оң әсерін тигізеді. Бұл жоба ауданның экономикалық өсіміне де ықпал етіп, әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында жасалған ауқымды жұмыстардың бірі.

Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық тұрғыдан да маңызды. Таза судың жеткізілуі тұрғындардың денсаулығын қорғап, түрлі аурулардың пайда болу қаупін азайтады. Су сапасының жақсаруы, тұрғындардың сапалы әрі қауіпсіз суға қол жеткізулері, табиғи ресурстарды үнемдеу, сумен қамту жүйесінің ыңғайлылығы мен сенімділігін арттыру сияқты мәселелер бірден шешілетін болады. Жобаның және құрылыс жұмыстарын жүзеге асырудың мақсаты — тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту.

Күнбатыс-2 елдімекеніндегі су құбыры құрылысын толық аяқтау, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту, қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымды дамыту — бұл ауданның болашағына бағдарланған ауқымды жоба. Тұрғындардың әл-ауқаты мен денсаулығы, экологиялық жағдайдың жақсаруы, экономиканың дамуы — осындай мақсатта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар халықтың да, мемлекеттің де мүдделерін көздейтін нәтиже боларына сенім артамыз.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.