СЫННАН СҮРІНБЕУ — ӘР САРБАЗҒА СЕРТ

0

кезеңдегі жауынгерлік дайындықтың қорытындысы шығарылатын дәстүрлі шара. Сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық құрамалар мен бөлімдердің әскери қызметшілері де қорытынды сынақтан өтеді.

Қорытынды тест – барлық әскери қызметшілер үшін негізгі емтихан түрі. Оны жүзеге асыру барысында әрбір әскери қызметші әскери пәндерден сынақ тапсырып, кәсіби шеберлігін дәлелдейді. Әскери қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындық деңгейін әскерлер осылайша бағалайды. Әскердегі күнтізбелік жыл екі оқу кезеңіне бөлінеді, олар қыс және жаз кезеңдері. Желтоқсанда басталып, сәуірде аяқталатын қысқы оқу кезеңінің соңында әскери қызметкерлер тестілеуден өтеді, бірақ ол аралық жыл қорытындысына әсер етпейді. Бірақ, жыл сайынғы оқу бағдарламасының соңғы кезеңі – жазғы кезең. Ол маусымда басталып, қазан айында аяқталады. Жауынгерлік даярлық тапсырмаларының сапасы, саны және күрделілігі жағынан ең қарқындысы да осы кезең. Бұл кезеңде әскерилер әртүрлі ауқымды командалық-штабтық және тактикалық оқу-жаттығулар өткізеді.

«Қорытынды сынақ – бүкіл оқу жылына арналған емтихан. Әрбір әскери қызметші тестілеуді жеке тапсырады және олардың нәтижелері бойынша жалпы әскери бөлім бойынша баға белгіленеді. Сондықтан, бұл кезеңде әркімнің алдында бір міндет бар, ол – дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жақсы баға алу. Олар әскери қызметкерлердің кәсіби деңгейінің, сондай-ақ жыл бойы алған теориялық және практикалық білім сапасының көрсеткішіне айналады. Қорытынды емтихан кезінде әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық, жедел, тактикалық және арнайы дайындық бойынша сынақтар тапсырады, бағалау үшін физикалық, атыс және оқу-жаттығу даярлығының нормативтерін орындайды, құрама қорғаныс костюмдерін кию бойынша практикалық дағдыларын көрсетеді. Кейбір пәндер тактикалық сабақтарда партада өтеді. Офицерлер мен келісімшарт бойынша сарбаздар спорттық қалашықтар базасында практикалық сипаттағы сынақтарды, мысалы, дене шынықтыру және спорт бойынша нормативтерді тапсырады. Ал, атыс дайындығы бойынша сынақтар полигонда қабылданады, әскери қызметшілер әртүрлі қару түрлерінен оқ атуды орындайды», – деп түсіндірді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, полковник Бауыржан Күреңкеев. Ал, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері, подполковник Руслан Дармаханов: «Қорытынды тексеру кезінде әскери қызметшілер алған бағалар бүкіл оқу үдерісінің сапасын көрсетеді. Кім неге қол жеткізді, кім не білді, мұның бәрі сынақтар кезінде тексерілетін болады. Қорытынды тексеруден барлығы өтеді. Тіпті, еңбек демалысында немесе іссапарда жүрген әскери қызметшілер де өз әскери бөлімдеріне келгеннен кейін барлық сынақтардан өтуге міндетті», – дейді.

«Бағынысты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үшін біз үлгі болуымыз керек, өйткені олардан жоғары нәтиже талап еткенде, өзімізде соған сай болғанымыз жөн. Сондықтан, біз үлгі болу үшін барлық тапсырмаларды тиімді орындауға және сынақтарды өте жақсы бағамен тапсыруға тырысамыз. Қорытынды тексеру кезеңі әскери қызметшілердің кәсіби өсу көрсеткіші болып табылатын сыныптық біліктілігін арттыру мүмкіндігі. Тексеру нәтижелері бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беріледі, олардың ең жоғарғысы – «Шебер-тәлімгер» деңгейі. Бірақ тіпті шеберлер өздерінің біліктілігін растауы керек. Сондықтан, әркім қорытынды емтихан аясында сынақтар мен стандарттарды сәтті тапсыруға бел буады», – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілі, полиция подполковнигі Сейтқали Байбосынов.

Жалпы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, маңызды емтиханды өз деңгейінде тапсыруда. Қорытынды тексеру аяқталғаннан кейін қолбасшылық жыл қорытындысын шығаруға кіріседі, оның барысында үздік әскери бөлімдер мен үздік командирлер анықталады. Әскерлердің жаңа оқу кезеңі желтоқсан айында басталады. Бұл үздіксіз жауынгерлік дайындық процесі. Ол сапалы болған сайын Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуеті де жоғары болады.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Leave A Reply

Your email address will not be published.