Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы мен Қордай ауданындағы Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Тұлға.Тарих.Тағылым: Шерхан Мұртаза өмірінен» жобасы аясында, жазушының «Ай мен Айша» шығармасын оқу бойынша байқау өз мәресіне жетті.
Оқырмандар мен әдебиет сүйер қауымнан кең көлемде қатысушылар жиналып, шығарманың мағынасы мен тереңдігін түсінуге белсене атсалысты. Байқау барысында елуге жуық оқырман өздерінің оқу шеберліктерін көрсетті. Олардың арасынан жүлдегерлер анықталып, арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар, жастар мен үлкендер арасында әдеби білімді насихаттап, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.
Сонымен қатар байқау барысында, оқырмандар арасында байқауға ең алғашқы және соңғы тіркелген қатысушылар, сондай-ақ, ең жасы кіші және ең жасы үлкен қатысушылар да арнайы марапатқа ие болды. Бұл шара, әсіресе, 7 жастан 70 жасқа дейінгі азаматтар қатысып, әдебиетке, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу мақсатында жоспарланған болатын.
Жалпы, «Ай мен Айша» шығармасы қазақ әдебиетінде маңызды орын алады. Онымен танысу, тек қана оқу ғана емес, сонымен қатар, ұлттық мәдениетті, тарихты, құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар арасындағы байланыс пен түсіністікті қалыптастыруға көмектеседі.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ