Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы

0

Гвардейск гарнизонында офицерлер жиналысы өтті

40-шы «Отар» Әскери базасының бастығы – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ержан Мейрманов гарнизондағы барлық әскери бөлімдердің офицерлер құрамымен жиналыс өткізді. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков қатысты.
40-шы «Отар» Әскери базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Нұралин офицерлер жиналысының мақсаты мен маңызын түсіндіріп, гарнизондағы әскери тәртіп жағдайын айтып өтті.
Шара барысында – әскери тәртіп, қылмыстық құқық бұзушылық, билікті асыра пайдалану, жол-көлік оқиғалары, құмар ойын, несие алу, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, әскери мүлікті жымқыру, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Жауынгерлік дос» жүйесі туралы айтылып, бағынысты жеке құраммен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер туралы талқыланды.
Полковник Ораз Кучуков, мерзімді қызметтегі сарбаздардың жоғарғы оқу орындарға түсу мүмкіндіктері бойынша оларды әділ әрі дұрыс бағалау үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін түсіндіріп, әскери тәртіпті әрдайым қатаң ұстау бойынша нақты тапсырмалар қойды.
Гарнизон бастығы полковник Ержан Мейрманов өз сөзінде жаман әдеттерден арылу үшін өзін-өзі тәрбиелеу мен бағынысты жеке құраммен дұрыс жұмыс жасаудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ ол, әскери қызметшілердің арасында құмар ойынға жол бермеу, оның алдын алу мәселелеріне баса назар аударды.
Шара соңында әскери тәртіпті қатаң сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, лауазымдық міндетті тиісінше орындау бойынша және тағы басқа бірқатар тапсырмалар қойылды.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.