ТАҒАЙЫНДАУ

0

 ӘЛХАН ЖАНИЯЗ ШЕРНИЯЗҰЛЫ Қордай ауданы әкімінің 2024 жылғы 6 мамырдағы №37 ө-ж/қ өкіміне сәйкес Қарасу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Әлхан Жанияз Шерниязұлы 1988 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылында дүниеге келген.

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебін тәмамдаған.

2006-2010 жылдары Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік М.Х. Дулати атындағы университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын аяқтаған.

2011-2012 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Құқықтану» мамандығын сырттай оқып бітірген.

2010-2011 жылдары Алматы қаласындағы ЖК «Калдыбаев» көгалдандыру саласында шебер-көмекшісі.

2011-2012 жылдары Алматы қаласындағы «Greenland» ЖШС көгалдандыру саласында шебері.

2012-2013 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімшілігінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әкімшілікте көмекші. Осы жылдары Қордай ауданының салық басқармасында көмекші.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы ЖК «Нусипбаев» техникалық байқау орталығында операторы.

2014-2019 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы ІІО емтихан тіркеу тобында инженер.

2019-2021 жылдары Жамбыл облысы ІІО заңсыз көші-қон бөлімінде аға лейтенант, инспектор.

2021 жылдан қазіргі күнге дейін ЖК «JONY» жеке кәсіпкер.

2022 жылы «Өтеген батыр қазынасы» қайырымдылық қорының төрағасы қызметтерін атқарған.

Үйленген, 4 баланың әкесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.