ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №99 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы Степной ауылдық округінің әкімі болып Кенжебаев Абай Мұхитұлы тағайындалды.
Кенжебаев Абай Мұхитұлы 1966 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Арал ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары. 1992 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «Зоотехник» мамандығы бойынша, 1998 жылы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1983 — 1984 жылдары Славное ауылдық сегізжылдық мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
1986 – 1993 жылдары Георгиевка совхозында жұмысшы, бригадирдің көмекшісі, 1993 – 2016 жылдары Ішкі істер органдарында, 2017 жылы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінде әдіскер, 2022 жылы Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби мемориалдық музейінде экскурсовод, 2022 — 2023 жылдары Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.