Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2021 жылғы 6 сәуірдегі бұйрығымен Алишев Руслан Рүстемұлы Қордай ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Алишев Руслан Рүстемұлы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
2008-2011 жылдар аралығында Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2011-2012 жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, 2012-2017 жылдар аралығында ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының әлеуметтік салада заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры.
2017 жылдан бастап Жамбыл көлік прокуроры лауазымында болған.
Сыныптық шені — әділет кеңесшісі.
Үйленген.